ЖаңалықтарҚоғам

Ақпараттық апта тілдерге арналды   

Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасындағы Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында 15-20 қазан аралығында мемлекеттік және құрылымдық мекемелерде ақпараттық күндер өткізді.

[smartslider3 slider=421]

Алғашқы кездесу Қуыршақ театры ұжымымен ұйымдастырылды. Соның аясында тіл жанашыры, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызымен әңгімеде театр қызметкерлері мемлекеттік тіл саясатына қатысты көкейкесті сұрақтарға жауап алып, өз ойларын ортаға салды.
Ақпараттық күндер шеңберінде тағы осындай кездесу Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымымен де өтті. Кезінде Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары болып, елорданың Тілдерді дамыту басқармасын басқарған Оразкүл Асанғазықызы тіл саласында сол жылдары атқарылған жұмыстар туралы әңгімелеп, бүгінгі мақсаттарға тоқталды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button