Ресмиет

Ақпараттық хабарлама

«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы («Есіл» ауданы әкімі аппаратының жаңа ғимараты), анықтама телефондары: 8(7172) 55-69-66, 55-74-53, astana@din.gov.kz, «Б» корпусының Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына­ конкурс жариялайды:

1) Әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің басшысы – бухгалтер (D-О-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін.

Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Гуманитарлық білім, әлеуметтік ғылым­дар, экономика және бизнес, құқық саласындағы жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым маман­дық­тар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»,­ «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Рес­пуб­ли­касының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын білуі.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына жалпы басшылық ету. Басқарманың қаржылық-шаруашылық жұмыстарын жүргізу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жүргізу, есеп саясатын қалыптастыру, бюджеттік ұсынымдарын және бюджеттік қаражаттың игерілуі туралы есебін ұсыну және жасау. Бөлім құзіретіне қатысты мәселелер бойынша қала әкімінің өкімдері мен әкім­дік­тің қаулыларының жобаларын әзірлеуге, концептуалдық құжаттарды дайындауға қатысу.

2) Әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің бас маманы – заңгер (D-О-4 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс уақытына). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Гуманитарлық білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім беру саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда гума­ни­тар­лық білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім беру саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»,­ «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Респуб­ли­касының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәр­тiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын білуі.

Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Басқарманың құзіретіне жататын Әкімнің және Әкімдіктің актілерінің жобаларын дайындау, Қазақстан Республикасының дін саласындағы заң­на­ма­ла­рының бұзылуы анықталған жағдайда әкім­шілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, кейіннен оларды сот органдарына беру, азаматтардың діни сенім бостандығы құқық­тарын қамтамасыз ету және діни бірлес­тік­термен өзара iс-қимыл саласындағы мем­лекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалып­тастыру мен іске асыруға қатысу, діни бірлес­тік­тердің қызметі мен оларды құру және кон­фес­сияаралық келісімді, сондай-ақ азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге ұсыныстар енгізу, өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы­ заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қыз­ме­тіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу, Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу­шы­лық­тар­ға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

3) Мониторинг және талдау, ақпараттық-ағартушылық жұмыс бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін.

Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Гуманитарлық білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім беру саласындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жыл­дан кем емес; жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым маман­дықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»,­ «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Респуб­ли­касының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын білуі.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына жалпы басшылық ету. Азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыру саласындағы орын алған үдерістерді зерделеу мен нәтижелерін жинақтап қорыту және талдау, діни әдебиеттерді, діни мақсаттағы заттарды зерделеу және талдау, өңірде құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының, қайырымдылық мекемелер мен қорлардың қызметін зерделеп, оған талдау жүргізу жұмыстарын, толе­рант­тық және конфессияаралық келісімді нығайту саласында ақпараттық-насихаттық шара­лар­ды, діни ахуалға мониторинг жүргізуді ұйым­дастыру, Әкімдіктің діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасты­ры­луын­ бекіту жөніндегі актілерінің жобасын әзір­леу. Өңірдегі діни ахуал туралы айлық, тоқ­сандық, жылдық есептерді және ақпараттық анық­та­ма­ларды дайындау.

4) Діни бірлестіктермен, миссионерлермен және теологиялық оқу орындарымен жұмыс бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін.

Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Гуманитарлық білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім беру саласындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»,­ «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Респуб­ли­ка­сының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын білуі.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына жалпы басшылық ету. Діни бірлес­тік­термен байланыс, азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру және конфессияаралық келісімді нығайту сала­сындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт­тарын қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, конфессияаралық қатынасты нығайту және дін салаларында жергілікті атқарушы биліктің барлық құры­лым­дары­ның бірыңғай стратегиясын қалыптастыру және келісіп қызмет ету, жақын және алыс шет елдерінің тәжірибесін зерделеу және діни бірлестіктермен өзара iс-қимыл саласында халық­ара­лық және аумақтық байланысты кеңейту, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес жұмысын үйлестіру, құжаттарын дайындау және жүргізу.

5) Діни бірлестіктермен, миссионерлермен және теологиялық оқу орындарымен жұмыс бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Гуманитарлық білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім беру саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда гуманитарлық білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім беру саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»,­ «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Респуб­ли­касының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын білуі.

Негізгі функционалдық міндеттері: Қала аумағында тіркелген діни бірлестіктердің, теологиялық оқу орындардың, миссионерлердің қызметін зерделеу, әкімдік және басқарма басшылығының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, діни бірлестіктер, ғибадат объектілері туралы ақпараттық дерекқорға есепке алуды, толықтыру мен өзгеріс енгізуді жүзеге асыру, миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеу, конфессиялық саясатқа қауіптерді болжау және бейтараптандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, діни бірлестіктер басшылығымен миссионерлік қызмет, діни материалдарды тарату, ғибадат ғимараттарынан тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы, миссионерлерді тіркеу мәселелері бойынша өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу, ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімді келісу.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: 1) белгiлеген нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгі­дегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысан­дағы сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжат­тар­дың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру БАҚ-та («Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттері) соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы («Есіл» ауданы әкімі аппаратының жаңа ғимараты), № 1 бөлмеге тапсыру қажет.
Конкурсқа қатысу үшін электрондық пошта арқылы тапсырған азаматтар құжаттарының түпнұсқасы әңгімелесуге дейін кемінде бір жұмыс күн ішінде тапсырылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде үміткерлерді әңгі­ме­ле­суге шақырған күннен кейін бес жұмыс күн ішінде өтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button