Ресми бет

Ақпараттық хабарлама

Elorda Aqparat» ЖШС – «Astana aqshamy», «Вечерняя Астана» газеттерінің және «Elorda Info» желілік басылымының меншік иесі Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы» Жарлығына сәйкес, 2019 жылы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысатын тіркелген кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын жа­­рия­лау үшін баспасөз беттерінен орын беру талаптары туралы хабарлайды.

Баспасөз бетіне берілетін үгіт-насихат материал­дарының көлемін газет пен Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткермен немесе оның сенімді өкілімен арада жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады.

МЕКЕМЕГЕ БЕРІЛЕТІН ЖАЗБАША ӨТІНІШ-
МАТЕРИАЛ МЫНАДАЙ АҚПАРАТТЫ ҚАМТУЫ ТИІС:
• Тіркеу нөмірі, жазбаша өтініштің күні мен уақыты;
• Кандидаттың аты-жөні, жазбаша өтініш берген сенімді тұлғаның аты-жөні;
• Жазбаша өтініш беруге тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар – кандидаттың (сенім білдірілген тұлғаның) жеке куәлігі, уәкілетті мемлекеттік орган берген кандидаттың (сенім білдірілген тұлғаның) куәлігі, ҚР заңнамасына сәйкес өзге де құжаттар;
• Газет бетінде жоспарланған көлем мен оның уа­қыты, үгіт-насихат материалдарының түрі көрсе­тілген жазбаша өтініштің мазмұны;
• Кандидаттың немесе сенім білдірген тұлғаның қолы.
«Elorda Aqparat» ЖШС жазбаша өтінішті 2019 жылдың 29 сәуірінен 2019 жылдың 5 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13, (221-кабинет) мекенжайы бо­йынша сағат 10.00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді.
Жарияланымдарда олардың төлемі, материалдарға жауапты тұлғалар, қаржыландыру көздері, ақпарат берген адамның тегі туралы мәлімет қамтылуы тиіс.
«Elorda Aqparat» ЖШС баспа материалдарын орналастыру кезегін жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен белгілейді.
Үгіт-насихат материалдарын «Elorda Aqparat» ЖШС-ке жоғарыда аталған газеттер шығардан 1 (бір) күн (жұмыс күні) бұрын шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға келісілген (қол қойған) материалын модуль немесе мақала түрінде жеткізілуі тиіс.
Басылымдар кандидаттар ұсынған үгіт-насихат материал­дарында конституциялық құрылымды күшпен өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік араздықты, нәсілдік, ұлтаралық, дінаралық, рулық, тайпалық алауыздықты қоздыру, сондай-ақ заңнамада қарастырылмаған әскери күштерді құру секілді идеялар болған жағдайда бас тартуға құқылы.
Газет ұсынылған үгіт-насихат материалдарында қандай да бір кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда оны жа­рия­лаудан бас тартуға құқылы.
Ұсынылған ақпаратта көрсетілген жариялау орындарын ұсыну талаптары мен тәртібі уәкілетті органдардың талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Материал жариялауға ұсынылатын баспасөз бетінің көлемі бойынша төлем мөлшері мынадай:

1.«Astana aqshamy» және «Вечерняя Астана» газеттерінің бетінде материал шығарудың 1 шаршы сантиметрінің құны, ҚҚС-ын қоса есептегенде – 720 теңге.

2.Жарияланған материалды «astana-akshamy.kz» және «vechastana.kz» газеттерінің сайтында қайта шығару құны, ҚҚС-ын қоса есептегенде – 30000 теңге.

3.Жарияланған материалды «Elorda Info» сайтында қайта шығару құны, ҚҚС-ын қоса есептегенде – 30000 теңге.

4.Тапсырыс беруші ұсынған (2000 белгіге дейін болуы шарт) мақаланы «Elorda Info» сайтында жариялау құны, ҚҚС-ын қоса есептегенде – 30000 теңге.

5.Мақаланы жазып, «Elorda Info» сайтында жариялау құны, ҚҚС-ын қоса есептегенде – 60000 теңге.

Төлемақы «Elorda Aqparat» ЖШС ұсынған шотқа осындай шот жіберілген күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде аударылады.
Төлемақы тиісті келісімшартта көрсетілген «Elorda Aqparat» ЖШС-тің банктегі реквизиттеріне аударылады.

«Elorda Aqparat» ЖШС директоры
Ю. Е. ЖИХОРЬ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button