Басты ақпарат

АҚСЕЛЕУ ӘЛЕМІ – АЛАШ ӘЛЕМІ

Белгілі  қаламгер, этнограф ғалым, қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлға Ақселеу Сейдімбектің ұлт руханиятына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Туған халқының жоғын бүтіндеп, кемін түгендеп өмірден озған ұлтжанды азаматтың осы өлшеусіз еңбегіне шынайы баға беріп, оны жан-жақты зерделеу – бүгінгі ұрпаққа аманат. Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ақселеу әлемін игеруге алғашқы қадамды бастап, «Ақселеу Сейдімбек: ғылыми мұрасы және тәуелсіздік (ауызша тарих мәселелері)» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді.

«Қазақ десе, қабырғам қайы­са­ды» деп Ақаңның өзі айт­пақ­шы, бү­гінде Ақселеу десе, әр қазақтың қа­­быр­ғасы қайысады. Орны әлі күн­ге дейін ойсырап тұр қазақ үшін. Өзінің біртуар асылын әлі­ күнге дейін ажалға қимайды хал­қы.­ Қи­майтыны – Ақселеудей да­ра­ бол­мысты текті тұлғасын ай­­рық­­­ша­ әспет­­теп,­ ерек­ше­ ар­дақ­ тұ­та­тын­ды­ғы.­ Көңілге демеу бола­ты­ны, ұлы азаматтың ұлтының игі­лі­гі­не­ ар­­на­­­ған,­­ сол­­ үшін­­ бар­ күш-жі­ге­рін,­­ қа­рым­-қа­білетін сарп еткен ба­­­ға­­ жетпес еңбектері. Ақселеу Сей­­­дім­­­бек­тің туғанына 70 жыл то­луына орай ұйымдастырылған кон­ференцияның мақсаты да сол, қарымды қаламгердің шоқтығы биік туындыларын терең зерттеп, кеңінен насихаттау.

Алқалы жиынды ашқан универ­си­­тет проректоры, профессор Ди­хан Қамзабек ұлты үшін барын­ салған арқалы азаматтың адам­гер­шілік бітім-болмысы мен ұл­ты­на сіңірген ұлан-ғайыр еңбегі жөнін­де айта келіп, Ақаңның Еу­ра­­зия ұлттық университетінің қа­лып­та­­суы мен дамуындағы орны да ерек­­ше екендігін еске алды. Білім ор­да­­сының ұжымы оның жарқын бей­несін әрқашан жадында ұстап, туған күні мен өмірден озған күні­не орай көптеген рухани іс-шара­­лар өткізуді дәстүрге енгізген.

Конференцияда белгілі тұлға­ның­ ғылыми еңбектері туралы келе­лі әңгіме өрбіткен халық жа­зу­шы­сы, мемлекет және қоғам қай­рат­­кері Әбіш Кекілбаев көрнекті ғалым­ның ақырғы сүбелі туындысы «Қазақтың ауызша тарихына» «әлі­ иге­рі­ліп­ бол­ма­ған­ әлем­дік­ дең­­­гей­­де­­гі­­ үл­кен­ ең­бек»­ де­ген­ ба­ға­­­ берді.

– Ақаңның алты томынан да ешқандай мін, ешқандай кемшілік көрген жоқпын. Бастан-аяқ тамсана оқып шықтым. Қысқасы, біз­ Ақ­се­­леу­ді­ жа­ңа-­жа­ңа­ оқып,­ жа­ңа­дан танысып үлгердік. Енді Ақселеуді меңгеру, игеру басталады. Ұлтжанды тұлғаның ұлы мұ­­ра­сын шындап бағалаудың заманы туды. Ақселеу – шын мәнінде ұлы ойшыл, ұлы жазушы. Оған бүкіл өмірі, әр айтқан сөзі, әр жа­зып қалдырған сөйлемі куә бо­ла алады. Мен қазақ халқына Ақсе­леуді бергені үшін ризамын. Қазақ қандай болды десе, мынадай болды деп

Ақселеуді көрсетер едім, қазақ ұлты келешекте қандай болуы керек десе, мынадай болады деп, тағы сол Ақселеуді көрсетер едім. Ақселеу Сейдімбекті бүгінде әрбір қазақ баласы ұмтылатын эталоны, әрбір қазақ баласы пір тұтатын идеалы деп түсінемін, – деп тебіренді жазушы.

Ал Халықаралық түркі ака­де­мия­­сының президенті, филоло­гия ғы­­лы­мы­ның докторы, профес­сор­ Шәкір Ыбыраев үзеңгілес әріп­те­сі­нің бұрын зерттелмеген қазақтың қара өлеңі мен күй аңыздарын алғаш рет рухани айналымға түсіргеніне екпін түсіре келе «қазақты қазақ ретінде мінездейтін ерекшелігі осы қара өлеңде жатқандығын Ақаң ашып берді. Міне, қазақтың өзінің табиғатынан шығу дегеннің үлкен көрінісі – осы. Жетімдік көріп, қазақтың ұлттық болмысынан орын ала алмай жүрген күй аңызы жанрын да өз орнына қондырды», – деді.

«Еуразияның ауыз әдебиеті дәстүрі мен көшпенділер тарихы», «Көшпенділердің рухани­ мұрасы мен дүниетанымы», «Қа­зақ­ әдебиеттану ғылымы мен­ жур­на­листика. Ақселеу Сейдім­бек және ұлттық мүдде» деген үлкен тармақтарды қамтыған кон­фе­рен­цияға Башқұртстан, Түр­кия, Өзбекстан елдерінің ға­лым­-зерттеушілері де келіп, ой бөліс­ке­нін атап өткен ләзім.

Жиынға қатысушылар жыл сайын естеліктер мен зерттеу­ жұмыс­тарынан құралған «Қазақтың ауызша тарихы» атты жинақ шығарып отыруды жоспарға енгізді. Сондай-ақ, Ақселеу ағамыздың артында қалған өшпес мол мұраларын насихаттауға арналған арнайы сайт ашуды қолға алмақ.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button