Мәдениет

Ақселеуге арналған дода

Елордада бильярдтан жазушы, журналист, ғалым, этнограф, профессор Ақселеу Сейдімбектiң 80 жылдық мерейтойына арналған дәстүрлі турнир өтті.

[smartslider3 slider=3290]

 

Қазақ өнеріне өзіндік өрнегімен келіп, қайталанбас із қалдырған, саналы ғұмырын қазақтың ауызекі тарихын, халқымыздың өнегелі салты мен шежіресін зерттеуге арнаған тұлға ретінде белгілі заңғар тұлғаның құрметіне арналған кезекті турнир Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде журналистер арасында өтті. Кезекті турнир халықаралық сипат алды. Себебі көршілес мемлекеттен де қатысушылар болды. Турнирге Ақселеу Сейдімбековтің жақын достары Қойшығара Салғара, Төлен Әбдік, қаламдас інілері – Несіп Жүнісбай, Сәулебек Жәмкен, Тұрсын Жұртбай сынды иісі қазаққа белгілі азаматтар қатысып, асыл тұлғаның адамгершілік қасиеті мен шығармашылық шеберлігі жайлы әңгіме қозғады.

Кезекті ойын депутат, журналист Нұртөре Жүсіп пен Ақселеу Сейдімбектің інісі Асылхан Сейдімбектің кездесуімен басталды. Табаны қызған тарландай оза шапқан жүйріктер арасындағы кездесулер журналист Наурыз­бек Саршаевтың жеңісімен түйінделді. Екінші орын Мұхтар Түменбайға, үшінші орын Талғат Ешенге, төртінші орын Ерлан Омарға бұйырды.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button