Қоғам

Боксшы Даниял Райымбековты жанкүйерлері әуежайда қарсы алды

26 қазан мен 2 қараша аралығында бокстан АҚШ-тың Колорадо штатында алғаш рет өткен 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатының жүлдегерін жанкүйерлер Астана әуежайында қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2023 жылы жаңадан құрылған World Boxing ұйымы биыл АҚШ елінде 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатын ұйымдастырып, әлемнің 30 елінен 178 боксшының басын қосты.

Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан 4 боксшы сынға түсіп, 2 күміс жүлдені иеленді. Оның арасында 85 келіде жұдырықтасқан елордалық Даниял Райымбеков бар. Ол финалдық жекпе-жекте Уэльс өкілі Дэниэл Питке есе жіберді.

«Бұл – менің халықаралық деңгейдегі екінші жарысым. Бұған дейін Сербия еліне барған едім. 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатына іріктеу оқу-жаттығу жиыны жүргізіліп, нәтижесінде АҚШ-қа бару бақыты бұйырды. Эмоциямды айтып жеткізе алмаймын. Психологиялық, тәжірибе жағынан үлкен сабақ болды. Енді қателіктермен жұмыс істеп, Ақтау қаласында өтетін ел чемпионатына дайындығымды пысықтаймын», – деді Даниял Райымбеков.

Айта кетейік, Қазақстанның бокс федерациясы күні кеше ғана ресми түрде World Boxing-тің толыққанды мүшесі атанған болатын.

Енді Қазақстанның бокс федерациясы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі ретінде 2027 жылғы бокс бойынша әлем чемпионатын өткізуге ниетті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button