Әлеумет

Ақшаны 18-ге толмағандар шеше ала ма?

Ұлттық қордан түскен ақшаны 18 жасқа толғандар шеше алады. Яғни оқуға төлеу немесе баспана алу үшін өтінім беру қажет. Ал одан бұрын шешуге бола ма? BAQ.KZ тілшісі “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” сарапшыларынан білді.

Ресми сауалда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы аясында 18-ге толмағандар шотындағы ақшаны шешіп ала алады ма?” деген сұрақ қойылды.

Жоқ, мұндай мүмкіндік қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған. Балаға есептелген нысаналы ақша Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында болып, Ұлттық банк қаржыны бала 18 жасқа толғанға дейін инвестициялауды жалғастырады. Осылайша баланың жинағына қосымша инвестициялық кіріс қосылады, – делінген зейнетақы қорының жауабында.

2025 жылы қанша бала Ұлттық қордан ақша алады?

2025 жылы барлығы 324 430 бала 18 жасқа толады, яғни олар да осы бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Жалпы, бағдарлама аясында 2025 жылы 6 921 035 балаға қаражат есептеледі. Әр балаға 129 доллар 38 цент бөлінеді.

Бұған дейін “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы аясында кімдер есепшоттағы ақшасын шешіп жатқаны туралы жаздық.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button