Елорда тынысы

Ақтық сайыс өтті

Астана қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриот­тық орталығының қолдауымен «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Қарулы Күштерінің 31жылдығы қарсаңында «Жас сарбаз – патриоттар мекені» жобасы аясында елордада әскери-патриоттық әндер байқауының ақтық сайысы өтті.

Басқосуға Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының өкілі Мейірбек Меңдіғалиев, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Астана қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек және Қорғаныс министрлігінің және Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері қатысты.

Жарысқа «Жас сарбаз» сыныбының және клубының тәрбиеленушілері, Астана қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттерінен жалпы саны 250 адам қатысты. Бұл байқаудың мақсаты – жастарға, «Жас сарбаз» тәрбиеленушілеріне рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымы мен патриотизмін қалыптастыру.

Асхат Налшыбек әскери-патриоттық әндер байқауы аталған жобаның ішіндегі ең маңызды іс-шаралардың бірі екенін атап өтті. «Қарулы Күштердің 31 жылдығына орай Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас сарбаз – патриоттар мекені» жобасын іске асыруды қолға алдық. Жобаның аясында әскери-патриоттық жиын, марафон, футбол және волейбол турнирлері, қайырымдылық акцияларын өткізуді жоспарладық. Осы жобамыздағы іс-шараның бірі және бірегейі – әскери-патриоттық әндер байқауы болып табылады. Байқауға Астана қаласынан 250-ден астам үміткер қатысты, соның ішінде 14-і ақтық сайысқа өтті. Барлық қатысушыларға зор алғысымызды білдіреміз» деді Асхат Налшыбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button