Жаңалықтар

«Ақылды» автотұрақтар ашылады

70

Астана қаласында заманауи құрылғылармен жабдықталған өзгеше автотұрақтар салынбақ.  «Астана Innovations» АҚ мәліметі бойынша, ақылды автотұрақтар сынамалы жоба ретінде биыл жүзеге асырыла бастайды.

Автотұрақтар арнаулы ақпараттық тақталармен жабдықталады. Көлік иелері сол арқылы тұрақ, тариф және тұрақ үшін төлеу тәртібін пайдалану жөніндегі мәліметтерге қаныға алады. Мамандардың айтуынша, автотұрақтар, негізінен, әкімшілік-іскерлік ғимараттардың маңайында, сауда орталықтардың алдында бой көтереді. Ең алғашқылары Сарыарқа, Сейфуллин, Ғабдуллин, Бараев көшелерінде салынады.
Бұл жоба 2013 жылы Астана қаласы әкімдігі мен «VINCI Construction Grands Projets» компаниясы арасында жүргізілген тұрақ салу өнеркәсібін дамыту жөніндегі ынтымақтастық меморандумы негізінде жүзеге асырылып отыр. Келісімге сәйкес елорданың сол жағалауында үш автотұрақ құрылысы басталуға тиіс. Сондай-ақ, Астананың Бас жоспары бойынша, биыл «Самал» шағын ауданында жеті қабатты жабық тұрақ салу жоспарланған.

Жұлдыз ЖАҚЫПОВА,
Еуразия ұлттық университетінің 1-курс студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button