ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Ақылы көлік  тұрақтары  қай көшелерде ашылады?

Қаланың бірқатар көшесінде ақылы көлік тұрақтарын ашу жоспарланып отыр. Бұл жа­йында «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС басшысы Шыңғыс Досыбаев айтты.

[smartslider3 slider=328]

«Мемлекеттік-жекешелік серіктес­тік аясында 10 мың ақылы тұрақты ашуды жоспарлаған едік. Бүгінде оның 487-сі «Нұржол» желек жолында ашуға дайын тұр. Мұнан бөлек, Сарыарқа ауданының Бөгенбай батыр, Республика даңғылдарында, жағалау мен Сарыарқа даңғылында да қосымша орындар іске қосылуға дайын» деді ол Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің отырысында.
Аталған аудандарда жергілікті атқарушы органдар, түрлі қызмет көрсету кәсіпорындары көп, сондықтан мұнда қатынайтын автокөліктер нөпірі қалың. Құзырлы мекемелердің шағын алаңдарына көлік қаптағанда, тіпті ине шаншар жер табу машақатқа айналады. Сосын жұмыспен жүрген жұрт көлігін қоятын қалтарыс іздеп әуре-сарсаңға түседі. Ал заңды түрде ақылы көлік қоятын орындар жасалса, бұл проблема түбегейлі жойылып кетпесе де, айтарлықтай оңалар еді. Әйтпесе кейбіреулер темір тұлпарын қаңтаратын жер таппай, оны рұқсат етілмеген жерлерге қалдырады. Бұл – жаяу жүргіншілердің еркін жүріп-тұруына кедергі. Әйтпесе жол инспекциясының құрығына ілігіп, айыппұл төлеп, әуреленіп жатады.
Досыбаевтың айтуынша, Алматы ауданында ақылы тұрақтар Тәуелсіздік даңғылында, Мұңайтпасов, Жұмабаев, Момышұлы көшелерінде ашылады.
«Байқоңыр ауданында «Астаналық», «Шапағат», «Әсем» базарлары ауданында ғана ашуға дайынбыз. Сол жағалауда Сығанақ, Сарайшық, Мәңгілік ел, Тұран көшелерін қарас­тырып отырмыз. Жалпы аталған аудандардағы жаңа ақылы тұрақ орындары – 5 мың. «Нұржол» желек жолында жұмыс істеп тұрған 500 орынды қоссақ, ақылы тұрақтардың саны 5500-ге жетеді» деді Шыңғыс Досыбаев.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button