Елорда тынысы

Ақылы тұрақтар көлік ағынын азайтады

Елордада көшелердің өткізу қабілетін арттыру және жол-көлік оқиғалары санын азайту мақсатында іске қосылған ақылы тұрақтарға қатысты қала тұрғындары тарапынан өтініш-тілектер айтылған еді. Осыған жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік нысандардың жанында орналасқан 55 жер учаскесінен ақылы тұрақтар алынып тасталды.

[smartslider3 slider=3633]

Нұр-Сұлтан қаласында 1700-ге жуық ақылы тұрақ орындары демонтаждалды. Локациялар қала әкімдігінің тапсырмасы бойынша «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-пен қайта қаралды. Осылайша ақылы тұрақтар әлеуметтік және басқа объектілердің жанында орналасқан 55 жер учаскесінен алынып тасталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мысалы, Сарыарқа ауданында – 860, Алматы ауданында – 325, Байқоңыр ауданында – 107, Есіл ауданында 388 ақылы тұрақ орны жойылды.

Айта кету керек, ақылы тұрақ орындары орналасқан учаскелер – қала меншігінде. Жоба – қаланың көлік стратегиясының бір бөлігі, тұрақ орындарының тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік береді, автомобиль трафигін реттейді, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді және т. б. Жобаның басты мақсаты – көшелердің өткізу қабілетін арттыру және жол-көлік оқиғасының санын азайту.

«Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС атап өткендей, әлемдік тәжірибе тұрақ орындарын басқарудың тиімді жүйелері тұрақ кеңістіктерінің жүктемесін 40-50 пайызға төмендететінін, жол желісіне жүктемені 20-30 пайызға азайтатынын және ең бастысы, қаланың проблемалық аудандарында жол қозғалысы ережелерін бұзу санын 70 пайызға дейін қысқартатынын дәлелдеді.

Ақылы автотұрақтар ашылғанға дейін Нұр-Сұлтан қаласы орталық аудандарының жүктемесі 150-175 пайызды құрады. Жұмыс күндеріндегі реттелмейтін тұрақтардың айналымы тек 1-2 автомобильді құрады. Бұл автокөлік әуесқойлары тегін тұрақ орындарын теріс пайдаланғанын, көлігін ұзақ уақыт, кейде бір күн немесе тіпті бірнеше күн қалдырғанын, осылайша басқа қатысушылар үшін қозғалысты қиындатқанын көрсетеді. Бүгінде жағдай 3-4 жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсы.

Бұл ретте тұрақ орындарының 10 пайызы мүгедектердің және оларды тасымалдайтын адамдардың көлік құралдарын тегін орналастыруға арналған, жеңілдікті санаттарға сәйкес келмейтін қалған барлық азаматтар үшін ақылы аймақтарда тұрақ күн сайын сағат 20:00-ден кейін, сондай-ақ, демалыс және мереке күндері тегін болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button