Мәдениет

Ақын еңбегі дәріптелді

Қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сурет көрмесі ашылды.

[smartslider3 slider=1046]

Мәдени іс-шараға Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мұрындық болды. Оқу орнының жанынан ашылған Қасым Аманжолов атындағы ғылыми-зерттеу орталығы өршіл ақынның өміріне қатысты тың мәліметтерді жастардың назарына ұсынып, шығармашылығын кеңінен дәріптеуді ұйғарған. Көрмеге ақынның ескі баспалары, кітаптары мен фотосуреттері қойылды. Сонымен бірге Қасымның қызы Дариға Аманжолованың қолынан шыққан туындылар көпшілік назарына ұсынылды.

Филология ғылымдарының докторы Жансая Жарылғаповтың айтуынша, ақын атындағы ғылыми-зерттеу орталығының жұмыс істеп жатқанына бір жылға жуықтады. Десе де осы уақыт аралығында рухты ақынның ел білмейтін еңбектерін тауып, зерделеуге кіріскен.

«Қасым Аманжоловтың түрік халықтарының шығармаларын аударғандағы еңбектері енді-енді белгілі бола бастады. Бұрын ғылым ат ізін салмаған аудармалары, тіпті қалмақтың ескі дастаны «Жәңгірді» аударуы еш жерде айтылмаған. Сонымен қатар Қасымның Семей кезеңіндегі өмірі, кешегі Алаш идеяларының жалғастығы туралы сөз тек бүгіндері ғана айтылып жатыр» деді Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры Жансая Жарылғапов.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button