Мәдениет

Ақынды еске алды

Елордада Балалар әдебиеті жылы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Біз өмірдің гүліміз» атты балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің туғанына 90 жыл толуына арналған кеш өтті.

[smartslider3 slider=1505]

Кеш барысында ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында  «Big Dream» баспасынан жаңадан шыққан «Көктем» және «Біз өмірдің гүліміз» атты кітаптары таныстырылды. Өлеңдері оқылып, сөздеріне жазылған әндер айтылды.

Атап айтқанда, Әнуарбек Дүйсенбиевтің шығармаларындағы сәбиге тіл үйрететін тілашарлар, есепке жаттықтыратын санамақтар, азаматтыққа тәрбиелейтін табиғат, Отан, ата-ана, адамгершілік туралы «Не деу керек?», «Ақ тайлақ», «Доп», «Не жақсы?», «Біз өмірдің гүліміз», «Бұл қандай бала?», «Бес саусақ» басқа да өлеңдері насихатталды.

Ақынның қызы Сәуле Дүйсенбиева кештің арнайы қонағы болды. Сонымен қатар жазушы Жәди Шәкенұлы, журналист Бекен Қайрат Әнуарбек Дүйсенбиевтің өмірі мен шығармашылығына тоқталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button