Жаңалықтар

«Ақжол» есігін айқара ашты

Биылғы Балалар жылы аясында әрі Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Есіл ауданы, Аққұм көшесі, 17-үйде «Ақжол» атты аула клубы есігін айқара ашты.

[smartslider3 slider=2476]

Аула клубының ашылу салтанатына «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы Қайрат Қамбаров, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының өкілдері және осы үйдің тұрғындары қатысты.

– Қазақстан Президенті Қасым-­Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында атап өткендей, қазіргі таңда балалардың энергиясы мен қызығушылығы дұрыс жолға бағытталуы керек. Өйткені балалар – біздің мемлекетіміздің болашағы. Ал біздің негізгі мақсатымыз – өскелең ұрпақтың дамуына, тәлімді тәрбие алуына үлес қосу, – деді Қ.Қамбаров.

Елімізде балалардың дамуына ерекше назар аударылып келеді. Бұл бағытта елордада қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Жастар саясатының басты бағыттарының бірі де өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, еліне еселі еңбек ететін дені сау азамат болып өсуіне септігін тигізетін әртүрлі мүмкіндіктерді жасау.

Балалардың жан-жақты қабілетті болып өсуіне ықпал етіп қана қоймай, өскелең ұрпақтың әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін және балақайлардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ашылған «Ақжол» аула клубында шахмат, дойбы, бейнелеу өнері, қол­өнер, домбыра, гитара, вокал сияқты секциялар жұмыс істейді. Қазірдің өзінде мұнда келуге ниеттілер қарасы көп екен. Олардың өздеріне ұнайтын спорт түрлерімен айналысып, өнер үйренулеріне барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Осы аула клубына қатысқан балалардың күні ертең еліміздің дамуы мен гүлденуіне үлес қосатынына сеніміміз мол.

Әсия Нұрбекқызы

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button