Қала тіршілігі

Әр отбасына жылу сыйлаған

Рауза Кәкенова – «Астана Теплотранзит­ АҚ-да­ ұзақ жылдардан бері жұмыс істейді. Қолына алған кез келген шаруаны дөңгелетіп әкететін, ұйым­дас­тырушылық қабілеті жоғары маманды кәсіп­орын ұжымы «Астан таңдауы» байқауына ұсынуды жөн көріпті.

Рауза Жүніспекқызы – елорданың байырғы тұрғыны. Осындағы Инженерлік-құрылыс инсти­­ту­­тын бітірген ол алғашқы еңбек жолын «Қаз­энер­го­наладка» кәсіпорнында инже­нер болып бастайды. Кейін «Ақмола жылу же­лі­ле­рі»­ АҚ-да абоненттік бөлімнің, «Астана­энер­го­сер­вис­те» өткізу қызметінің басшысы міндетін атқарады. Ал, 2005 жылдан бері «Астана­-теплотранзит» АҚ- жөн­деу қызметін бас­қа­рып келеді.

Жалпы, әр үйге жылу сый­­лай­­тын маман­дар­дың­ жұ­мы­­сы оңай емес. Әсі­ресе, Рауза­ Жүніс­­пек­­қы­­зына жүк­тел­ген жауап­кер­шілік үлкен. Өйткені, кәсіп­орын­да­ғы жөндеу жұмыс­тары ешқашан толастамайды.­ Жылу беріл­мей­тін жаз айла­ры­ның өзінде тұрғын­дар­ға жылу жеткізілетін желілер мен тораптарды тексеруден өткізіп, олардың күтімді болуы үнемі қадағалауда болады. Қайта осы кезеңде жұмыс көбейеді. Көптеген жылу тораптарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, қай­тадан жаңар­ты­латындары да бар. Осындай шаруа­лар­дың бел ортасында Рауза Кәкенова жүреді. Жылумен қамтамасыз ету жүйесінде қолайлы режим қалыптастыру, жылу беру маусымы басталған сәтте әр үйдің осы маңызды кезеңге дайын болуын қадағалау, тұрғын үйлердің қысқа әзірлік паспорттарын дер кезінде алуы, жылу энергиясын есептегіш құрылғы мен авто­мат­тан­дырылған реттегіш жүйесінің орнатылуын бақылау, «Астана-теплотранзит» нысандары мен тұрғын үйлерде энергия үнем­дей­тін тиімді тәсілдерді енгізу сынды жұмыс­тар осы маман­ның­ мойнында.

Жалпы, энергетика саласының майда-шүй­де­сіне дейін жетік меңгерген әйелдер санаулы. Нәзік жандылар көп жолай қой­май­тын бұл салада Рауза Жүніспекқызы ұзақ жылдар бойы үздіксіз жұмыс істеп келеді. «Рауза Кәке­но­ва­ның жұмысынан бір­ мін таппайсыз. Ол­ жылу желілеріндегі техно­ло­гиялық про­цес­тер­ді бүге-шігесіне дейін біледі. Оның ер мінезділігі, жауап­кер­ші­лікті сезіне біле­тін та­лап­шыл­ды­ғы­ арқасында қала тұрғындарына жылу жеткі­зетін тораптарда үлкен қиындықтар туын­да­ған емес», – дейді әріптестері.

Роза Кәкенованың басшылығымен «Астана – Тепло-Транзит» АҚ-да жылу беру маусымына дайындық жөніндегі кешенді іс-шаралар жос­пары бекітіліп, жылу беру маусымын сапа­лы өткізудің ережесі қабылданған екен. Жылу энергиясын дұрыс пайдаланудың және оны есепке алудың ережесі де Рауза Жүніс­пек­қы­зы­ның бастамасымен әзірленген.

Елорда тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету жолында тер төгіп, энергетика саласын дамытуға үлес қосып келе жатқан Рауза Кәке­но­ва көптеген марапаттардың иесі. Ол – «ҚР Құрметті энергетигі». 2011 жылы «Энер­ге­тика саласының ардагері» атанды. Өз ұжы­мында сыйлы маман «Ең үздік бөлім бас­тығы» атына да ие болды. «Әр үйде жылу мен жайлылық болу керек» деген қағидатты ұста­на­тын Рауза Кәкенованың еңбегіне біз де сәттілік тілейміз.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button