Жаңалықтар

Арандатушылықтан аулақ болу керек!

Газ бағасының қымбаттауына қатысты халықтың талабы орынды деп ойлаймын. Жалпы елде экономикалық шешім қабылдар кезде, оның әлеуметтік-саяси тұсын да ұмытпаған жө­н. Халық тағдыры мен мүддесіне қатысты заң, реформа немесе шешім қабылдар алдында жұртты хабардар еткен дұрыс. Яғни біз жоспар құрып, шешім қабылдаған кезде алдымен адамның мүддесін ескеруіміз қажет.

[smartslider3 slider=3398]

Сосын халық үшін іске асып жатқаны шараның артық-кем тұсын саралап, апробациядан ­өткізу керек. Тағы бір маңызды дүние болып және болайын деп жатқан жайт туралы халықты жан-жақты ақпараттандыру маңызды. Енді жасақталатын үкімет жоғары айтылған жайттарды назарға алған жө­н. Бүгін Мемлекет басшысы қозғаған тағы бір маңызды мәселе – жеке тұлғалардың ө­зін банкрот деп жариялай алуы. Өмірде түрлі жағдай болып жатады, адамдар қарызға батып жатады немесе несиесін уақытылы т­өлей алмауы мүмкін. Сондай жағдайда тек заңды тұлғалар емес жеке тұлғалар да ­өзін банкрот деп танып, жеке мәселені шешудің бір жолы. Бұл – біраз елдерде бар практика. Коммуналдық тарифтердің бағасы да уақытылы к­өтеріліп отыр. Себебі оның салмағы баяғы халықтың қалтасына түседі. Және Президент 180 күнді белгілеп отыр, яғни осы уақыттың ішінде жағдайды біржақты қылу керек. Бұл – үкіметке жүктелетін міндет.  Өз басым Премьер-министр дұрыс шешім қабылдады деп есептеймін. Үкімет басшысының жауапкершілікті ­өз мойнына алып, отставкаға кетуі заңды әрі азаматтық шешім деп ойлаймын. Бүгінде үкіметтің жаңа құрамын жасақтауға кірісіп жатыр, жуырда фракция отырысы ­теді. Ал құқық қорғау органдары әлеуметтік желіде тарап жатқан түрлі ақпараттар мен видеоларға сараптама жүргізу керек. Арандатушылықтан аулақ болу керек. Яғни халықты шатастыруға жол бермеу қажет. Ел ішінде іріткі салмау үшін желіде тарап жатқан ақпараттарды саралаған жөн. Тек ресми деректерге сүйеніп, фейк ақпараттардан аулақ болғанымыз дұрыс.

Айдос Сарым, Мәжіліс депутаты 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button