Жаңалықтар

АРБА ҮСТІНДЕГІ БИ

News-1406305480-29553+

Астанада елімізде алғаш рет ұйымдастырылған мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы арба биі бойынша «Kazakhstan Open-2014» атты халықаралық турнир өтті.

Байқауға қазақстандықтардан бөлек Ресей, Беларусь, Тайланд, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореядан келген барлығы 30-ға жуық биші қатысты. Олардың ішінде Азия, Еуропа және әлем чемпиондары да бар екен. Мұнда «соло», «комби» және «дуо» аталымындағы классикалық және латынамерикалық билер сайысы өтті.

«Бұл турнир – іріктеу іспетті. Қатысушылар орын алса, ұпай жи­найды. Жеткілікті ұпай жинаған болса, Азиядағы паралимпиадалық ойындарға жолдама алады» деді Қазіргі заманғы спорттық би Федерациясының президенті Әлия Түсіпбекова.

Бас кезінде көркемөнердің бір түрі болып есептелген арба биі 2009 жылдан бастап қана спорттық би деп қарастырылды. Ал 2010 жылы «Қайсар» клубында арнайы бөлім ашылып, Астана осы спорт түрімен айналысатын бишілерді дайындайтын алғашқы қала атанған болатын. Бишілеріміздің төрт жылда қол жеткізген жетістіктері баршылық. Осы жарыста да жеңіс қоржыны бос қалмай, Айгүл Балмағамбетова «соло» аталымында алтын жүлде иеленді.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button