Мәселе

Арбауға түсіп қалмаңыз!

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге қарасаңыз, сан жалған немесе өтірік ақпарат толып жүргенін көресіз. Ал олардың адамға келтіретін зардабы да көп. Соңғы кездері желіде қызу тарап, талқыға түскен «Жастар» бағдарламасы бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы ақпараттың фейк екені анықталды.

Мессенджерлерде ҚР Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің атынан «Жастар» бағдарламасы шеңберінде 35 жасқа толмаған адамдарға әлеуметтік көмек тағайындау туралы жалған ақпараттың таратылғаны белгілі болды. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар, яғни алаяқтар телефон нөміріне қоңырау шалуды немесе сілтемені басуды ұсынады.

Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған бағдарламаның да, әлеуметтік көмектің де мұндай түрі жоқ екенін ресми хабарлады.

Жалпы, қаржы сарапшылары, ішкі істер органдарының өкілдері үнемі ілгеріде ескерткеніндей, хабарламада көрсетілген нөмірлер немесе сілтемелерге өту алаяқтардың өз пайдасы үшін азаматтардың жеке дерегін алу тәсілі болуы әбден мүмкін. Сондықтан министрлік өкілдері қандай жағдай болмасын адамдардың алаяқтардың арбауына түспей, келеңсіз жағдайды болдырмас үшін кездейсоқ келген сілтемені баспай, көрсетілген нөмірге қоңырау шалмауды ұсынады.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті іс-шаралары туралы ресми ақпарат тек қана «1414» нөмірінен SMS-­хабарлама арқылы таратылатынын ұмытпаңыз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button