Пікірлер

Әрбір қазақстандық жауапкершілікті сезіну керек

Мемлекет басшысының соңғы телевизиялық сұхбатын зор ықыласпен тыңдадым. Ашық, шынайы әрі бүкпесіз әңгіме болды. Көпшілік көкейінен шығатын талай дүниелер айтылды. Маған, әсіресе, жеке жауап­кершілікке қатысты пікірі қатты ұнады. Президент жауапкершілікті өзіме алуға тура келді, себебі бұл нағыз соғыс болатын дегенді айтты.

[smartslider3 slider=1971]

Отты нүктеде екі мәрте болғандықтан, өз басым бұл жағдайды жақсы түсінемін. Тоқсаныншы жылдары тәжік-ауған шекарасында бітімгершілік миссиясын атқарған біріккен қазақстандық батальонның – «Қазбаттың» командирі ретінде қысылтаяң тұста талай рет жауапкершілікті өз мойныма алып, күрделі шешімдерді қабылдауға тура келді. Есесіне бастап барған батальоным екі ретінде де отты нүктеден шығынсыз, яғни жауынгерлерім түгел дін аман оралды.

Егер мемлекеттік басқарудың әр буынында отырған кез келген басшы жоғарыға жалтақтай беретін болса, онда алтын уақыт зая кетеді. Кеше ғана егемендігіміз қыл үстінде тұрды. Ендеше әрбір қазақстандық тәуелсіздік алдындағы өзінің жеке жауапкершілігін терең сезінуге тиіс.

Жанарбек МӘДЕДИНОВ,

полковник, тәжік-ауған

шекарасындағы бітімгерлік

миссиясына қатысушы

Тағыда

Пікір үстеу

Back to top button