Қоғам

АРДАГЕР – АЛТЫН ТҰҒЫР

Астана қаласының Сарыарқа ауданында  ардагер ұрпаққа құрмет көрсету ерекше дәстүрге айналып отыр. Бүгінгі таңда аудан аумағында 70 Ұлы Отан соғысының майдангері, 2077 тыл ардагері тұрады. Жыл сайын Ұлы Жеңіс күні, Қарттар күні және басқа да мемлекеттік мерекелерде аудан аумағында тұратын ардагерлер үшін түрлі іс-шаралар мен қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады. Биылғы Жеңіс мерекесі барысында аудан ардагерлері 200-ге жуық шараға қатысты.

KBB_8621

Биыл Ұлы Жеңіс күніне орай Сарыарқа ауданы әкімдігінің бастамасымен жалпы қалалық сенбілікте аудан ардагерлері №60 мектеп-лицеймен бірлесіп «Естелік аллеясын» ашуға қатысты. Сихымбай Мамыров, Жапаш Кашеков, Василий Макаров, Алексей Фролов, Михаил Кочетков, Екатерина Плужникова сынды майдангерлер мектеп оқушыларымен бірге жас қарағайлар отырғызды. Шара соңында ардагерлерге әдеби-музыкалық композиция көрсетілді.
Аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен Ресей мәдени орталығында, «Екі жауынгер» ескерткіші жанында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты мекемесінде соғыс және тыл ардагерлері «Жас Ұлан» мектебі курсанттары және қала мектептері оқушыларымен кездесті. Сондай-ақ, осындай тағылымды шаралар Әлия Молдағұлова ескерткіші жанында, Көктал кентінде, №1, №9, №60, №80 мектептер мен Менеджмент және бизнес колледжінде өткен шаралар да майдангерлердің мерейін өсірді. Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесінің «Арқа әуендері» вокалдық тобы Қ.Қуанышбаев атындағы театрда концерт қойды. Бұл өнер ұжымының мүшелері – өте белсенді азаматтар. Мереке сайын концерттік бағдарламалар да­йындайды. Біз өз тарапымыздан олардың халық алдына шығып өнерлерін көрсетуге қолдау білдіреміз.
Ардагерлер арасында шаңғы жарысы, «Петанг» ойындары, шахмат бәсекелері ұйымдастырылды. Осындай жарыстарға қатысқан ардагерлердің бәріне сый-сыяпаттар берілді. Аудандық ардагерлер кеңесі тарапынан қаламызда өтіп тұратын бұқаралық шараларға белсенді қатысатын ардагерлерге қашанда қолдау көрсетіледі. Ал ардагерлердің өз тарапынан айтылатын игі бастамалары, ұсыныс-тілектері әрдайым кеңестің мәжілісінде қаралып, қажетінше жүзеге асырылып отырады. Осы орайда ауданымыздың әр аумағында ардагерлерге арналған әлеуметтік-мәдени шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналып отыр. Бұл ретте аудан аумағындағы мектептер, колледждер, мәдени мекемелер өте белсенді екенін айтқымыз келеді. Түрлі кездесулер, қайырымдылық көмек көрсету, концерттік бағдарламалар ұсыну, мерекелік ас ұйымдастыру жүзеге асырылып келеді.

IMG_1780

Аудан аумағында өткізілген шаралар барысында ардагерлерге мерекелік түскі ас беру де жақсы ұйымдастырылды. Бұл ретте «Европа Палас», «Перизат», «Астана нұры», «Реал», «Турандот» мейрамханаларына ардагерлер ризашылығы шексіз болды.
«Думан» ойын-сауық орталығында қонақта болған ардагерлердің де көңілдері көтерілді. Мерекелік шаралар барысында ардагерлерге аудан аумағындағы коммерциялық мекемелердің қолдауымен жалпы сомасы 2 500 000 теңгені құрайтын азық-түлік жиынтықтары ұсынылды. «Наш юбиляр» атты акция өткізу басталды. Бұл шарада мерейлі жасқа, алтын тойға жеткен ардагерлер отбасыларын құттықтау ұйымдастырылады.
Сарыарқа ауданында тұратын соғыс және тыл ардагерлеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға қайырымдылық шараларын өткізу берік дәстүрге айналып отыр. Осы орайда аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысын үйлестіріп әрі қолдау білдіріп отырған Сарыарқа ауданы әкімдігіне, Астана қаласының Ардагерлер кеңесіне ауданымыздың ардагерлер қауымы шексіз ризашылығын білдіреді.
Жалпы Сарыарқа ауданында ардагерлер ұйымы тарапынан жыл бойына бағытталған жұмыс жоспары бар. Оның басты мақсаты – ардагерге жан-жақты қолдау көсету болып саналады.

Э.АХМЕТОВ,

Сарыарқа ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы

KBB_8621

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button