Елорда тынысы

Ардагерге арналған орталық

Астанада Ардагерлер кеңесінің «Отырар» орталығы ашылды. Жаңа орталық Байқоңыр ауданындағы Отырар көшесі, 10 мекенжайында орналасқан.

Бұл – осымен аудан аумағында бой көтерген үшінші орталық. Осы уақытқа дейін А.Брусиловский көшесінде «Айдар» орталығы ашылып, 80-нен аса ардагерлерді бір ортаға біріктірген еді. Екіншісі – ­А.Жұбанов көшесінде ашылған «Парасат» орталығы. Онда 50-ге жуық ардагер келіп, бос уақытын тиімді өткізеді.

Ауданның белсенді еңбек ардагерлерінің бос уақытын тиімді өткізуге арналған осындай басқосу орындарының болуы маңызды. Мерейлі мереке күні ашылған Ардагерлер орталығының салтанатты ашылуы мерекелік көңіл-күйде аталып өтті. Қазыналы қарттарымыз тарих тереңінен сыр шертіп, бүгінгі Тәуелсіздіктің маңыздылығына тоқталды.

Барша жиналған қауымға ақ баталарын беріп, мерекемен құттықтады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button