Әлеумет

АРДАГЕРГЕ – ҚҰРМЕТ

Астана қаласындағы Есіл аудандық әкімдігі осы ауданның ұзақ жылдар бойы Ардагерлер кеңесін басқарып келе жатқан Рысты Атығаеваның мерейлі туған күнін салтанатты түрде атап өтті.

KBB_2726

Рысты апай – елгезек, жаны таза кісі. Кім-кімге де қол ұшын беруге даяр тұрады. Отбасылық қасиетімен де көпке үлгі болған ардақты ана. Салтанатты шарада туған күн иесіне Астана қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов ізгі лебізін білдірді.
– Рысты Тұрғымбайқызы – осы елордаға белгілі азаматша. Көп жылдар Ішкі істер саласында жұмыс істеді. Онда да жақсы мінезімен елге танылды. Зейнеткерлікке шықса да саптан қалмай, 13 жыл бойы Есіл аудандық Ардагерлер кеңесін жемісті басқарып келеді. Жасы үлкен қариялардың жанашыры. Көптеген қоғамдық шаралардың ұйытқысы. Осындай адалдығы мен еңбекқорлық қасиеті жоғары адамның арамызда жүргені жастарға үлгі. Сондықтан, сізді туған күніңізбен құттықтаймын. Ұзақ ғұмыр тілеймін, – деді ол.
Одан кейін апайды өзі ұзақ жылдар еңбек еткен қалалық Ішкі істер департаментінің Ардагерлер кеңесінің өкілдері құттықтады. Есіл ауданының әкімі Сәбила Мұстафина оның өмір жолы мен қызметтік белестері туралы ақтарыла сөйледі. «Жастарға үлгі болар кісімен әріптес болып жүргеніміздің өзі мақтаныш» деп туған күн иесіне сый-сияпат көрсетті.
Шара соңында мерейтой иегері жиналғандарға алғыс айтып, ақ батасын берді.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button