Астана аудандары

Ардагерлер алғысы

Кеше Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Есіл толқындары» халықтық ардагерлер ансамблінің мерекелік концерті өтті.

[smartslider3 slider=1358]

  Ансамбль үш жыл бойы қала тұрғындарын бай мазмұнды концерттік нөмірлермен қуантып келеді. Биыл 18 қарашада «Есіл толқындары» «халық ансамблі» атағына ие болды.

Концерттің ашылуында Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дарменияр Қадырбекұлы құттықтау сөз сөйледі. «Тәуелсіздіктің мерекесі қарсаңында «Есіл толқындары» ансамблі «халықтық» құрметті атағын алғандығы терең символдық мәнге ие. Фарида Мұқатайқызы бастаған өнер ұжымы бірнеше жыл бойы бізді өз шығармашылығыңызбен қуантып келесіздер. Бүгінгі дәуір ұлы өзгерістерге толы кезең саналады. Сіздер өз өнерлеріңіз арқылы өткенге мұрагер, кейінгіге бұйдагер болып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өз үлестеріңізді қостыңыздар. Бұл – біздің ауданымыз үшін, бас қаламыз үшін үлкен мерей» деді ол.

Ансамбль құрамында қазір 24 адам бар. Топ мүшелерінің жасы 60-тан асқан. «Бүгін біздің ардагерлер қала тұрғындарын еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтағысы келеді. Сондай-ақ біз «Есіл толқындары халықтық ансамбль болғанымызды құттықтап, атап өтіп жатырмыз. Біз, қазақстандықтар, бақытты адамдармыз, өйткені біздің өз жеріміз, ортақ үйіміз бар. Ата-бабаларымыздың арманы орындалды. Біз қуатты әрі тәуелсіз мемлекет құрдық. Біз Қазақстанды жаңа белестерге жеткізетін жас ұрпағымызға сенеміз. Барлық қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз! Зор денсаулық пен табыс тілейміз!» деді Есіл ауданы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысты Атығаева.

Мерекелік концерт барысында Есіл ауданы әкімінің атынан ансамбль мүшелеріне алғыс хаттар табысталды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button