Жаңалықтар

Ардагерлер «Алжир» мұражайын аралады

IMG_4266

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Алматы ауданының аумағында тұратын бір топ жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер Астана іргесіндегі Ақмол ауылындағы саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалдық-мұражай кешенінде болды.

Іс-шара барысында «АЛЖИР» мұражайының бірегей жәдігерлері» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге бұрын осы лагерь тұтқындарының құнды жәдігерлері қойылған. Қарттар болса осындағы қазақтың белгілі жазушысы Бейімбет Майлиннің зайыбы Гүлжамалдың, олардың қыздары Рәзия мен Гүлжанның отбасымен бірге түскен фотосуреттерін, Құсни Байғаскинаның, Татьяна Афонинаның фотосуреттері мен мұрағаттық анықтамасын, 1977 жылғы 8 желтоқсандағы «Еңбек ар­дагері» медалі мен сүйектен жасалған моншағын, сондай-ақ беларус жазушысы Тодор Кляшторныйдың әйелі Янина Германовичтың фотосуретін, лагерьде қызы Майяны ораған көрпесі мен тіккен белбеуін, Ғалия Гайсинаның мұрағаттық құжаттары мен жеке заттарын – көйлегі, бас орамалы мен қол сөмкесін, Анна Медянникованың мұрағаттық құжаттары мен Анна Енданованың тұрмыстық заттарын көруге мүмкіндік алды.
Жалпы, аудан аумағындағы жалғыз басты ардагерлер мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсететін №1 және №2 бөлімше ұжымы қам­қорлыққа зәру қариялардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға барынша көңіл бөліп келеді. Бұл ретте қарттар аталмыш бөлім­шелердің меңгерушілері мен мемориалдық кешен қызмет­кер­леріне ал­ғыс­тарын айтты.
Содан соң «Алаш», «АЛЖИР», «Азат­тық­тың азапты жолы» атты мұражай залдары бойынша экскурсия жүр­гі­зіліп, «АЛЖИР-дің» ызғарлы суы­ғы» деректі фильмі көрсетілді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button