Жаңалықтар

АРДАГЕРЛЕР АҚЫЛЫН АЙТТЫ

ардаг

Д.Қонаев атындағы университет колледжінде студенттерді отаншылдыққа тәрбиелеу ісіне үнемі назар аударылып келеді. Жақында аталмыш оқу орнында Ұлы Отан соғысының бір топ ардагерлерімен кездесу өтті.

Шараға есеп және аудит, құқықтану, аударма ісі, туризм, қонақ үй шаруа­шылығын ұйымдастыру және қызмет көрсету, сондай-ақ есептеу техникасы мен бағдарламамен қамтамасыз ету мамандықтары бойынша оқитын студенттер қатысты. Астаналық ардагерлер өздерінің өмір жолы туралы тебірене әңгімелей отырып, жас ұрпақтың отаншыл азамат болып қалыптасуының өзектілігіне тоқталды.

Майдангер Шәріпбай Төлепов отаншыл болу дегендi туған қаласы мен елiн көркейту жолында нақты да күнделiктi iстер істеп, өз жерлестерi мен отандастарына қолдау көрсету деп ұғынатынын айтты. Ардагер Балтабай Сүлейменов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бас­тар жол» атты жаңа Жолдауындағы айтылған буындар бірлігі, ұрпақтар сабақтастығы туралы ойын ортаға салды. Біздің жастарымыздың жаңа, тәуелсіз елде өсіп келе жатқанын, олардың басым бөлігі 90-шы жылдардағы этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрмегенін, сондықтан да жас буынның көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен қолайлы өмірді солай болуға тиіс деп қабылдайтынын айта келе, ардагер бүгінгі жастардың еліміздегі ұлтаралық татулықты дамытуға үлес қосуы керектігін жеткізді.

 

Шайзат ӘЛМАҒАМБЕТОВ,

Д.Қонаев атындағы университет колледжінің оқытушысы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button