Елорда тынысы

Ардагерлер ардақталды

Елорданың Жоғары көлік және коммуникация колледжінде Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты мерекелік концерт өтті.

Астана қаласындағы колледждер бірлесе ұйымдастырған іс-шараға Қарулы күштердің, Ауған соғысының ардагерлері, зейнеткерлер мен студенттер қатысты. Мерекелік іс-шара халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігін ұлықтауға арналды. Іс-шара алдында Астана қаласының Қорғаныс істері департаменті мен Әскери-тарихи музей өкілдері Ұлы Отан соғысы батырлары туралы мәлімет пен ұрыс далаларынан табылған артефактілердің көшпелі экспозиция­лық көрмесін ұйымдастырды.

– Бұл – адамзат тарихындағы ең үлкен оқиға. Болашақ ұрпақ санасында жеңістің жоғары рухы мен тарихи маңызын мәңгі ойларында қалыптас­тыра білу қажет. Жеңіс күні біздің халқымыздың бейбітшілік, келісім және өркендеу сияқты құндылықтарының айрықша маңыздылығын тағы да растайды, – деді Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры Бірлік Қапезов.

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Астана филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев жыл өткен сайын ардагерлердің қатары сиреп бара жатқанын айта келе, кешегі майдангер бүгінгі ардагерлерге құрмет әрқашан бөлек екенін жеткізді.

Концерттік бағдарлама барысында астаналық колледждердің өнерпаз студенттері сахналық қойылымдарын ортаға салды. Сондай-ақ бір топ ардагерлер арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Индира БЕРЖАНОВА

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button