Астана ауданы

Ардагерлер дәріс тыңдады

Есіл аудандық Ардагерлер кеңесі «Алаш аспаны» тақырыбында шығармашылық кездесу өткізді. Кездесуге 40-тан астам ардагер қатысты.

[smartslider3 slider=1140]

Кездесу барысында лектор жазушы, журналист, драматург Өтен Ахмет Алаш арыстарының өмірі мен өнегесі, тағдыры мен тағылымы туралы сөз қозғап, олардың ұлы идеяларының тәуелсіз Қазақстанның егемендік алуындағы маңызына тоқталды.

Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады.

Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта объективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе – Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдыры. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда. «Алаш» партиясы қазақ халқымызда тұңғыш ұлттық-демократиялық партия болып табылады.

 Бүгінгі таңда  ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы үлкен тарихи даму сатысында тұр. Аталарымыз аңсаған осы тәуелсіздігімізді баянды ету, мемлекеттігімізді әлемнің дамыған елдерімен теңестіру, қырғын-сүргінді, қорлық-зомбылықты басынан аз кешпеген халықты бақытты ету – бүгінгі ұрпақтың қолында.

Р.АТЫҒАЕВА,

         Есіл аудандық Ардагерлер
кеңесінің төрағасы

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button