Қала тіршілігі

Ардагерлер еңбегі – ел игілігіне

Есіл аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы экономикалық реформалардың эволюциясы» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен ҚР Конституциясы күніне орайластырған алқалы жиынға 70-тен аса ардагер қатысты. 

0113

Шара барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ака­демиясының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Бәтима Мұқашева жиналғандарға мемлекетіміздің экономикалық саясаты жөнінде баяндама оқыды. 1989-1999 жылдарды төрт экономикалық кезеңге бөліп қарастырған профессор әрі қарай осы саладағы мемлекеттің сәт­ті қадамдарына тоқталды. Сондай-ақ Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының мән-мазмұны жан-жақты талданып, сол бойынша атқарылған жұмыстардың бірқатары талқыланды. Ардагерлер бұл күні өздерін мазалаған сұрақтарға білікті маманның жауаптарын естіп қуанды.
– КСРО ыдыраған кез есімізде. Дүкен сөрелері қаңырап бос қалған, жұмыс жоқ. Нағыз тоқырау жылдары еді. Содан бері біз халық бірлігінің берік үлгісін таныттық. Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына аяқ бастық. Енді барша елдің алдында жаңа мақсат-міндеттер тұр. Дағдарыс кезінде бірде-бір мемлекет әлеуметтік төлемдерін көбейте алмаған болса, біздің Қа­зақстан осындай нақты қадамдарға сеніммен барды. Еліміздің ата буыны, яғни Ұлы Отан соғысының ардагерлері бейбітшілікті сақтады. Тылдағы майдангерлер еңбегі жеңіске жетеледі. Ал бүгінде біз жастарымызға мол тәжірибемізді үйретіп, патриоттық рухтағы қызметімізді жалғастырып келеміз. Бар білім мен күш-жігерімізді мемлекетіміздің өркендеуіне жұм­садық, ел игілігіне үлес қосуға әрқашан дайынбыз, – деді шара соңында Есіл аудандық Ардагерлер кеңесінің тө­рағасы Рысты Атығаева.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button