Елорда тынысы

Ардагерлер – ерекше назарда

Қала әкімінің орынбасары Есет Байкен Ауған, Ирак және Таулы Қарабақ қақтығысында соғысқан ардагерлер ұйымының басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында ардагерлердің әлеуметтік мәселелері бойынша пікір алысты. Яғни медициналық көмек, санаторий/курорттық демалыс, баспана, әлеуметтік төлемдер және басқа да тұрмыстық мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды.

Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселенің бірі келесі жылы Ауғанстан жерінен әскерлердің толығымен шыққанына 35 жыл толуына қатысты болды. Осыған орай өтетін бірқатар іс-шараның дайындық жұмысын талқылап, ақылдасты. Аталған мәселелерді пысықтап, шешу үшін басқа да мемлекеттік органдармен жұмыс тобын құруға келісіп, осындай кездесу апта сайын өтетінін мәлім етті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button