ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Ардагерлер компьютерді игереді

Байқоңыр ауданының Ардагерлер кеңесі зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында компьютерлік сауаттылық сабақтарын ұйымдастырды.

Тегін сабақтар әр аптаның бейсенбі күні сағат 15:00- ден 17:00-ге дейін Иманов көшесі, 19 («Алматы» бизнес орталығы) мекенжайы, 10-қабат, 1002-кеңседе өтеді. Сабақ барысында мамандар қарт адамдарды онлайн қызметтерді пайдалану үшін заманауи технологияларға үйретеді. Мысалы, банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлемдер мен сатып алуларды қалай жасауға болады, жеткізумен сатып алуды қалай ресімдеуге болады, egov электрондық үкімет платформасы арқылы анықтамаларды қалай алуға болады және т. б. тұрмысқа қажетті білімдерді үйретеді. Тегін сабаққа Байқоңыр ауданының аумағында тұратын барлық зейнеткерлер қатыса алады. Қатысу үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы міндетті. Курстар қарттар күніне орай ұйымдастырылған және қазан айының соңына дейін жалғасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button