Елорда тынысы

Ардагерлер мен жасөспірімдер кездесті

Астанада «Жас сарбаз» патриоттарды тәрбиелейді» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Астана қалалық Ардагерлер кеңесі, Есіл аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» және №89 мектеп-лицейі ұйымдастырған тағылымды іс-шарада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Көпберген Бекмағанбет, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» МКМ директорының орынбасары Марат Әубәкіров, Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің уәкілі Ғани Артықов, «Аманат» партиясы саяси жұмыстар департаменті бастығының орынбасары Еркебұлан Жаулыбаев, журналист, аудармашы, велосаяхатшы, 55 күнде 5555 шақырымды еңсерген Ернат Мэлсұлы, авиация ардагері Марал Серікбаева жиналған жасөспірімдер алдында ой-пікірімен бөлісті. Отандық патриотизм туралы тағылымды сөздерін айтты.

Кездесуге келген жасөспірімдер әсіресе авиация ардагері Марал Серікбаева мен саяхатшы Ернат Мэлсұлының ғибратты да қызықты әңгімелерін ықыласпен тыңдады.

Тағылымды іс-шара барысында «Жас сарбаз» қозғалысының жұмысына жақсы баға берілді. Аға ұрпақ өкілдері ақыл-кеңесін айтты. Сондай-ақ патриоттық тақырыпта сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылды. Ал Есіл ауданы ардагерлерінің «Есіл толқындары» халық ансамблі мен №89 мектеп-лицей оқушылары орындаған бірнеше патриоттық әндер кездесудің мән-мағынасын аша түсті.

Ең бастысы – ардагерлер мен жасөспірімдердің кездесуінде отандық патриотизмнің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқаны аңғарылды.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button