Жаңалықтар

Ардагерлер референдумды қолдайды

Елордадағы Алматы ауданының ардагерлері ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу жөніндегі республикалық референдумды қолдау мақсатында флешмоб өткізді.

[smartslider3 slider=3049]

Аталған флешмоб осы аудандағы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Марат Мустафинның бастамасымен ұйымдастырылды. Флешмобқа «Миллениум-Ардагерлер» бастауыш ұйымының белсенділері жұмылдырылды.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан музейлерде, театрларда, концерттік залдарда, «Бәйтерек» монументінде және елорданың басқа да көрнекті орындарында болып, өскелен ұрпақты, жастарды, кәсіпкерлерді және қала тұрғындарын өз елінің патриоты болуға, белсенділік пен азаматтық позиция танытуға шақыра келе, абыз ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз қазақтың сән ұлттық киімімен, сырнайшы Талғат Жекеевтің сүйемелдеуімен баянмен ән айтып, би биледі. Болашақ таңдауымызды айқындайтын Президентіміздің Жаңа әділетті Қазақстан құруға арнаған бастамасын қолдап және 5 маусымда  өтетін республикалық референдумға бір кісідей қатысуға шақырды.

Бір күн бұрын Бауыржан Момышұлы көшесі 16 үйінің ауласында «Тұрмыс» бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Жарылқасын Оспанова ардагерлермен және үй тұрғындарымен заң жобасын талқылап, Президентіміздің Жаңа әділетті Қазақстан  орнату туралы Үндеуін толығымен қолдады. Бұл эстафетаны «Әл Фараби-2» бастауыш ардагерлер ұйымының ардагерлері, төрайымы және «Артурион» фитнес клубына қатысушы Байқоныр, Есіл және Сарыарқа аудандарының зейнеткерлері мен «Алтын ғасыр» бастауыш ардагерлер ұйымының белсенділері  және басқа да ауданның бастауыш ардагерлер ұйымдары қолдады.

 

Г. Сейдахметова,

 Алматы  ауданы  ардагерлер кенесінің маманы  

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button