Жаңалықтар

АРДАГЕРЛЕРГЕ КӨМЕК БЕРДІ

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Елорданы тұрақты дамыту орталығы Астана қаласында тұратын 27 ардагерге қаржылай көмек көрсетті.

Мекеме басшысы Мейірлі Сағымбаев «Астаналық 27 ардагерге жас кәсіпкерлер атынан ақшалай көмек ұсынылды. Отан үшін от кешкен майдангерлерге қандай құрмет көрсетсек те, ешқайсысы олар тартқан азап пен көрген бейнеттің толық өтеуі бола алмасы анық. Елімізде, әлемде бейбітшілік билік құрсын. Ардагер аталардың ауырмай-сырқамай арамызда жүргені – жанымызға демеу» деді.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мереке қарсаңында көрсетіліп жатқан құрмет-қошеметке, көмек қолын созған азаматтардың бәріне алғыстарын жаудырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button