Елорда тынысы

Ардагерлерге қамқорлық

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары ардагерлерге арналған белсенді ұзақ өмір сүру орталығында болып, сыйлықтар табыс етті.

[smartslider3 slider=1600]

Депутаттар қарт адамдарға үстел ойындары және басқа да көптеген заттарды сыйлық ретінде ұсынды. Қарттар орталық спорт залдарында тегін жаттыға алады, үстел ойындары, компьютермен жұмыс жасап, гимнас­тика немесе йогамен айналысады. Шет тілдерін белсенді үйренуде.

«Орталыққа келушілер бұл жердің өздеріне ұнайтынын, бірақ орын жеткіліксіз екенін, көпшілігі қаланың әр түкпірінен осында келуге мәжбүр екенін атап өтті. Мұндай орталықтардың жақын арада елорданың әр төрт ауданында ашылатынын айттым. Мұнда да үлкен үй-жайлар қарастырылып, әркім тұрғылықты жеріне баруға мүмкіндік алады. Солардың бірі «Көктал» тұрғын алабындағы сауықтыру кешенінде өз жұмысын бастап та кетті» деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button