Жаңалықтар

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ

Астанада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған атаулы тақтайшалар орнатыла бастады. Май­дан­герлердің аты-жөні жазылған тақтайшалар Сарыарқа ауданындағы 67 соғыс ардагерінің үй іргесіне ілінеді. 

09-1

Жеңістің 71 жылдығына арналған тағы­лымды ша­ра­ның ұйытқысы болған – Астана қаласының мәс­лихаты мен Қалалық ардагерлер кеңесі.
– Бұл ой үйдің қасынан өту­шілер мұнда кім тұра­тынын біліп жүрсін деген ниеттен туындады. Ардагерлердің ерлігіне тағзым ретінде жасалған мұндай акциялар жастарды патриоттыққа тәрбиелейді, – дейді Астана қаласы Сарыарқа ауда­нына қарасты Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ебен­ғаппас Ахметов.
Атаулы тақтайшаның алғашқысы ардагер Фролов Алексей Федоровичтің үйіне ілінді. Қонақтарды қуана қарсы алған ол игі бастамаға разылығын білдіріп, «Жастарға оқуды терең меңгеріп, жақсы әскери білім алуды тілеймін, сағымыз ешқашан сынбасын!» деген батасын берді.
Қалалық және аудандық Ардагерлер кеңестері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне белсенді қолдау көрсетуде. Алдағы уақытта мұндай тақтайшалар Астанадағы барлық ардагердің үйіне орнатылмақ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button