Қала тіршілігі

Археология атасына арналды

Астана қаласындағы Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектепте «Қазақтың ақтаңгері, ғұламасы» атты әдеби-тарихи кеш өтті. Дәл осы күні 2006 жылы мектебімізде академиктің мұражайы ашылған еді. Әлкей Хақанұлы Марғұлан – халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп, том-том кітаптар жариялаған ғалым. Ғылымның тереңіне сүңгіген парасатты жанның құрметіне гүл шоғы қойылып, 11-сыныптар әзірлеген шағын бағдарлама ұсынылды. Кеште атақты тұлғалардың атамыз туралы айтқан пікірлері, белгілі ақындардың өлеңдері оқылды. «Атаның сөзі, көненің көзі» демекші Әлкей Марғұ­ланның тірі кезінде жазылып, мұрағатта сақталған жанды дауысы тыңдалды.

Сондай-ақ, жыл сайын дәстүрлі түрде «Академик Әлкей Марғұлан атындағы сыйлық» тапсырылып, «Марғұлан» журналы жарық көруде. Қалалық, респубикалық деңгейде Әлкей Марғұлан оқулары өткізілді. «Әлкей әліппесі» әдістемелік көмекші құрал әзірленді. «Академик Әлкей Марғұлан ізімен» атты туристік-өлкетану экспедициясы ұйымдастырылып келеді. Жақында ғана Тәуелсіздік Сарайында «Әлкей Марғұлан мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты көрме өткізілді.

Ырысты ЖАЛҒАСБАЙ,
Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің 11 «Ә» сынып оқушысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button