Руханият

Әріптес марапаты

Кеше ғана елімізде Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні аталып өтті. Қоғамдағы өзекті мәселені дер кезінде көтеріп, жақсылыққа жаны қуанып жүретін бірқатар әріптес­теріміз түрлі мемлекеттік марапатқа ие болды. Солардың қатарында ұзақ жылдар мерзімді баспасөзде жемісті еңбек етіп келе жатқан белгілі журналист, Egemen Qazaqstan газеті бас редакторының орынбасары Талғат Батырхан ағамыз да бар. Талантты қалам иесіне Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров «Құрмет» орденін табыс етті.

[smartslider3 slider=3362]

Талғат Батырханның өміріндегі бір белес – «Астана ақшамы» газетінде істеген жылдары деп айтуға болады. Ол кісінің өзі де осында өткізген жылдарын аузынан тастамай айтып жүреді. Осы басылымда 13 жылға жуық еңбек етіп, өз мектебін қалып­тастырды. Талай жас журналиске үлгілі ұстаз болды.

Талғат Батырханның осыдан біраз жыл бұрын «Көңіл көкжие­гі» деген публицистикалық кітабы жарық көрді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button