Жаңалықтар

ӘРІПТЕС МЕРЕЙІ

DSC_2643

Кеше Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының кеңейтілген мәжілісі өтті. Жиын барысында бірқатар азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалдарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблея­сы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов ұлтаралық татулық тақырыбында қалам тербеп жүрген журналистерге алғысын білдірді.
Сол жиында мерейі үстем болып, марапатталғандардың бірі – әріптесіміз, «Астана ақшамы» газетінің аға тілшісі Айгүл Уайсова. Ол «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалымен
наградталды.
Айгүл Уайсова газетіміздің әр санында жарық көрген бауырластықты, достықты ту еткен өзге ұлт өкілдері туралы мақалалары арқылы оқырманның ыстық ықыласына бөленді.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button