Жаңалықтар

Әріптестер мерейі

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Сенатта үздік журналистерге, ұжымдарға құрмет көрсетілді. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының қызметін ақпараттық қолдаудағы белсенді және жемісті еңбегі үшін «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр­ды алғыс хатпен марапаттады.

Сенат төрағасы «Астана ақшамы» газеті редак­ция­сы ұжымына да алғыс білдірді.
Сондай-ақ, «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық конкурстың жеңімпаздары марапатталды.
Салтанатты жиында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Азамат Есенжолға тіл, мәдениет, спорт және туризм саласын БАҚ-та жан-жақты насихаттағаны үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button