Елорда тынысы

Әріптестеріміз президент алғысын алды

«Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымы БАҚ қызметкерлері күніне орай ­Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысын алды.

[smartslider3 slider=3331]

 

 «ҚР Президентінің алғысы «Adyrna» ұлттық порталының, «Ashyq alan» қоғамдық-саяси ток-шоуының, «Astana» радиосының, «Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымдарына табысталды» деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Мемлекет басшысының елордалық басылымға құрмет көрсетіп, назар аударуының өзі – үлкен мәртебе. Elorda Aqparat ЖШС

 құрамына кіретін бұл газет ақпараттық алаңдағы үлкен бәсекеде оқ бойы озып шықты.

Мәселен, 2022 жылдың мамыр айындағы мәлімет бойынша, елімізде 5173 БАҚ тіркелген болса, соның ішінде 3672-сі – мерзімді баспа басылымдар, соның 2179-ы – газеттер. Яғни, 2 мыңнан асатын газеттердің арасынан үздік болу – таза еңбек пен шынайы патриотизмнің үлгісі!

Міне, 30 жылдан астам уақыт бойы оқырмандарын қуантып, ақпарат берумен қатар елорданың жылнамасын жазып келе жатқан басылымның беделі зор. Бұл бедел мен абыройға жету үшін әріптестеріміз 30 жылдан аса уақыт тер төгіп келді. Қазір «Вечерняя Астана» газетін ашып оқысаңыз, тәуелсіз Қазақстанның барлық оқиғаларын, кешегі азаттық алған күннен бастап бүгінгі «Жаңа Қазақстанды» құруға жасалған қадамдарды көресіз. Олай болса, барлық әріптестерімізді осынау мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сонымен қатар, мереке қарсаңында «Elorda Aqparat» ЖШС-на қарасты «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеті ұжымдарының қызметкерлері де жеке марапаттар алды. «Астана ақшамы» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт
Тоқаевтан алғыс хат алды және
«Қазақстанның құрметті журналисі» белгісімен марапат­талды. «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Айгүл Уайс пен «Вечерняя Астана» газетінің шолушысы Айгүл Әлжақсинаға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алғыс хаты және аталған министрліктің 100 жылдығына орай естелік төсбелгісі берілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button