#Жаңа Қазақстан

Әркім өзінен бастаса…

[smartslider3 slider=2629]

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауын «қаңтар оқиғасынан» бастады. Бұл оқиға бәрімізге сабақ болды. Тәуелсіздігімізді, елдігімізді, тыныштығымызды сақтау үшін береке-бірлігімізді арттырмасақ, 30 жылдық жетістігімізден айырылып қалу мүмкін екенін атап айтты. «Дәл осы оқиғадан кейін еліміз жаңа кезеңге аяқ басты» деген болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан» құруға жұмыс басталғанын айтты. Менің ойымша, «Жаңа Қазақстан» құру үшін әр адам өзгерісті өзінен бастауы керек. Сонда ғана қоғам өзгереді, ел әл-ауқаты жақсарады. Әр адамның өмірді жақсы көруі, еліне, жеріне, ана тіліне, дініне деген патриоттық сезімі басым болса, еліміз өркендейтініне сенімдімін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзгерісті экономикалық жүйеден бастағаны да халықтың еңсесін көтеріп тастағандай. Яғни бірнеше жаңа облыстардың ашылуы, облыс орталықтарын бекіту, әртүрлі жаңа аудандардың бөлініп шығуы Отанымызға түбегейлі өзгеріс әкеледі деп ойлаймын. Саяси-экономикалық жүйе реттелсе, еліміздің әлеуметтік жағдайы да жақсаратыны белгілі.

Мемлекет басшысы әртүрлі маңызды, ауқымды мәселелерді қарастырды. Соның ішінде білім саласына өзгерістер енгізуі керектігі жайлы айтты. Білім саласын арттыру үшін, яғни сапаны жоғарылату үшін көптеген мүмкіндіктерді қарастырды. Атап айтатын болсақ, басқа мемлекеттердегі ең озық технологияларды пайдалана отырып, сол елдердегі ЖОО-ның филиалын Қазақстанда ашуды, шетелдермен қарым-қатынасты, рейтингі жоғары мемлекеттермен жұмыс істей отырып, көптеген жаңа мамандар даярлау керектігі жайлы айтқан болатын. Қорыта айтқанда, ел дамуы, өсіп-өркендеуі өзімізге байланысты. Президент бізге көптеген мүмкіндік жасап отырғанда әрқайсысымыз патриот болуға тиіспіз. Күшімізді біріктірсек, алынбайтын қамал жоқ.

Қаламқас ҚАБДРАШИТҚЫЗЫ,

№82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің бастауыш сынып мұғалімі:

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button