Sport

«Арландар» ұтты

Бокстан WSB жүйесi бойынша өтiп жатқан халықаралық турнирде өнер көрсететiн «Астана арландары» жартылай финалдық жекпе-жектiң бiрiншi кездесуiн өткiздi. Бiздiң жiгiттер мәскеулiк «Динамо» боксшыларын 3:2 есебiмен ұтты.

«Дәулет» спорт комбинатына жиналған жанкүйерлер алдында Мерей Ақшалов (61 кг), Мирас Байырханов (73 кг) және Рамжон Ахмедов (85 кг) жеңiске жеттi. Ең жеңiл және ең ауыр салмақта сынға түскен Миржан Рақымжанов пен Руслан Мырсатаев қарсыластарынан жеңiлуге мәжбүр болды.
Қарымта кездесу 30 наурыз күнi Мәскеуде өтедi. Бұл күнi Рафик Султонов, Ержан Мусафиров, Қанат Ислам, Абдельхафид Беншабла және Шуаиб Болодинатс сынды «арландар» айқасатын болады.
Ал, екiншi жартылай финалдың бiрiншi кездесуiнде Милан мықтылары Баку боксшыларын 5:0 есебiмен тiзе бүктiрдi.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button