Қоғам

Армян Апостол шіркеуі Астананың бейбіт бастамаларын қолдауда

Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаевтың Барлық армяндардың Жоғарғы Патриархы және Католикосы II Гарегинмен кездесуі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сұхбат барысында армян тарапы Қазақстанның қазіргі дамуы мен екіжақты қарым-қатынастардың ағымдағы жай-күйі туралы хабардар етілді.

Өз кезегінде, Жоғарғы Патриарх Қазақстанның діндер мен халықтар арасында жаһандық диалогты орнату және нығайту жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалап, Астананың бейбіт бастамаларына қолдау білдірді.

Қазақстан Елшісі Армян Апостол шіркеуінің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне белсенді қатысуын және оның дамуына қосқан үлесін атап өтіп, 2025 жылғы қыркүйекте Астанада өтетін «Діндер диалогы: болашақ үшін синергия» тақырыбына арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысуға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыру хатын табыс етті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button