Жаңалықтар

Арнайы бөлімге – 15 жыл

Астана қаласының ІІД «Арлан» ар­найы бөлімінің құрылғанына 15 жыл толды. 

Осы жылдарда арнайы бөлімше қызметкерлері талай күрделі тапсырмаларды орындады. Атап айтқанда, есірткі тасымалдаушылар мен қауіпті қылмыскерлерді ұстады, кепіл­дікке алынған адамдарды босатты, қару жарақтарды, есірткі заттарын, көп мөл­шерде оқ-дәрілерді қолға тү­сірді. Осы жылдарда бөлім­ше бірнеше қыз­меткерін де жоғалтты. Со­нымен қатар, арнайы «Арлан» жасағы Мем­лекет басшысы мен
елор­даға келген ресми тұл­ғалардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

«Арлан» бөлімшесі сарбаздарын қалалық полиция бастығы Амантай Әубәкіров құт­тық­тап, олардың кез келген тапсырмаға сақадай сай тұратынын атап көрсетті. Бұған 15 жыл бойы арнайы бөлімше қызметкерлерінің гарнизондық, қалалық, республикалық біріншіліктер мен ҚР ІІМ чемпионаттарында жүлделерге ие бол­ғандықтары дәлел.

Мереке құрметіне «Арланның» айрықша көзге түскен қызметкерлері ІІМ мен Астана қаласы ІІД бастығының бұйрығымен марапатталды.
Саян Есжан,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button