Мәдениет

«Арқа әуендері» риза қылды

Есіл аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өткен тамаша концерттік бағдарламаның куәгері болдым. Елордалық «Арқа әуендері» ансамблі орталықтың зейнеткерлері мен қызметкерлеріне музыкалық бағдарлама ұсынды. Бір жарым сағатқа созылған концертті тамашалай отырып, уақыттың қалай тез өткенін байқамай қалдық.

Ансамбльдің жетекшісі Кенжетай Жанұзақова ансамбльді алғаш рет 5 адаммен ашқанын, қазір қатары 20 адамға жеткенін мақтанышпен айтты. Айтса айтқандай екен, ансамбль құрамының алды сексеннен асқан, соңы жетпіске таяп қалған өнер иелерінен құралған. Қазақстанның әр түкпірінен келіп, Астанада бас қосқан еңбек ардагерлері мен көпбалалы аналардың тамылжыта ән салып, мың бұрала билегенін көргенде, бейне бір кәсіби өнерпаздардан айырмашылығы жоқ-ау деген ойда болдым.

Ансамбльге көркемдік жетекшілік етіп әрі дирижер болған Кенжетай Жанұзақованы «сегіз қырлы, бір сырлы» десем артық болмас. Халық әндері мен белгілі композиторлардың туындылары шырқалғанда, залдағы көрермен сүйсіне қол соқты. Жасы сексеннен асса да, сахна төрінен табылған Болат Акешов пен әнші Рахиля Абдукаримованың орындауындағы тамаша әнге де көрермен ыстық ықыласын аямады. Күйшілер Бексұлтан Төлепов пен Теміреш Киреевтің орындауындағы халық күйлері қалың көпшіліктің көңілінен шықты. «Арқа әуендерінің» барлық мүшесі жеке дауыста және дуэт, трио, квартет түрінде орындаушылық шеберлігі шыңдалған өнерпаздар екенін паш етті.

Күләш ШҮРЕНОВА, ардагер ұстаз,

ҚР білім беру ісінің үздігі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button