Шаһар шежіресі

Арқадағы қыс: кеше және бүгін

Жергілікті жұртшылық жақсы біледі, Арқада қыс бұрын қытымыр, қар қалың болатын. Әсіресе, ауылды жерлердегі көрініс әлі күнге дейін көз алдымызда. Ол кезде жауған қардан жер үйлердің бойы көрінбеуші еді. Мұны қазіргілерге елестетудің өзі қиын.

[smartslider3 slider=1914]

Сол тұстың адамдары кәрі-жасына қарамастан, үй ішінде неше жан бар: бәрі бірдей иыққа жылы киімдерін іле сала, қар жауысымен сыртқа шығып, екі қолға бір күрек алып, ақ ұлпамен «арпалысатын». Ал қазір ше?..

[smartslider3 slider=1915]

Қазір көпшілік алдымен қардың жауып болғанын күтеді. Ертесіне әкімдіктен келетін техникаға телміреді. Қар тазалайтын заманауи машиналар уақытпен санаспай, ұзақты күнге жұмыс істесе де, жолдың бойын ғана жинап әкетеді. Қаладағы қарды тазалау жұмыстарына қаншама адам мен техника жұмылдырылып, ақша шығындалып жатқанына қарамастан, аулалардағы қар тау болып үйіліп қала береді. Қолмен қар шығаратын жігерлі жандар бұл күнде некен-саяқ.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button