SportЖаңалықтар

АРҚАНЫҢ ТӨСІНДЕГІ «АЛТЫН ТҰЛПАР»

Байга алтын тулпар 23

Жексенбі күні Астана қаласы маңындағы Қабанбай батыр ауылы маңында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен партияның 15 жылдығы аясында аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнирі өтті. Турнирге Астана мен Алматы қалалары және республикамыздағы 14 облыстың бәйге аттары бәсекеге түсті.

«Нұр Отан» партиясы ұлттық спорт ойындарына қатысты бастамаларға көмектесуге әрдайым дайын екенін дәлелдеп келеді. Бұл шара да саяси доктринадағы ұлттық құндылықтарды іске асыруға бағытталған «Көкпар», «Аударыспақ», «Асық ату», «Қазақстан Барысы» сынды партия қолдауымен өткізілген ұлттық сайыстардың заңды жалғасы.

Айта кетерлігі, аталмыш аламанның әдеттегі бәйгелерден өзгешелігі – ауыздығымен алысқан жүйріктер шеңбер айналып шаппай, жазыққа түсіп 43 шақырымдық қашықтыққа кең көсілді.

Жүлде қоры аса қомақты турнирге республикамыздың әр өңірінен алпысқа тарта тұлпар қатысты. Бас жүлде және 10 млн теңге ақшалай сыйлықты Қарағанды облысының шабандозы Амангелді Думан жеңіп алды. Ал, екінші орын (7,5 млн теңге) шымкенттік Сүлеймен Құловқа бұйырса, үшінші орын (5 млн теңге) тағы  бір қарағандылық Еркебұлан Ермағанбетовке берілді. Бұдан бөлек, жүлделердің бір парасы мәре сызығын кес­кен алғашқы 9 тұлпарға да бұйырды. Осы шараның аясында «ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылып, ата дәстүрін жалғап, шын жүйрікті жазбай таныған сыншыға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Кейхауыс сыншы» атындағы арнайы жүлделер тағайындалды. Сондай-ақ, ұлттық жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылып, ат тағалаушы шеберлердің жарысы да өтті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button