Ел тынысы

Артық төлеген 490 миллион теңге қайтарылады

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу ­комитеті тұтынушыларға жылу үшін 490 миллион теңгеге жуық қаражат қайтарылатынын мәлімдеді.

[smartslider3 slider=3610]

Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері Қазақстанның барлық өңірі бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыс жүргізген. Жұмыс қорытындысы бойынша қайта есептеу нәтижесінде 2022-2023 жылдары жылу маусымында немесе күнтізбелік жыл үшін (2022 жылдың соңына дейін) қаражатты қайтару халықтың жеке шотында көрсетіледі және аванс (сальдо) түріндегі жеке жолда жазылады делінген хабарламада. Яғни қаржы тек жылу энергиясын есепке алу құрылғылары жоқ тұрғындарға беріледі. Ақша тұтынушының жеке есепшотына түседі. Бірақ ол ақшаны азаматтар жұмсай алмайды. Шоттағы қалдық келесі жылдың жылыту маусымында алынады. Комитет жалпы сомасы 489950250 теңгеге қайта есептеу жүргізген. Мәліметке сәйкес, ең көп сома Шығыс Қазақстан облысында қайтарылады (186251070), ал ең аз сома – Батыс Қазақ­стан облысында (786580). ­Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1755990 теңге қайтарылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button