Жаңалықтар

Арулар – асыл жандар

Елордадағы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның ұжымдары мен орындаушылары Халықаралық әйелдер күніне арнап «Арулар – асыл жандар» атты ауқымды мерекелік сазды бағдарлама ұсынды. Көктемді қанатына қондырып, сәнімен келген мереке қарсаңында нәзік жандыларға арнап жазылған махаббат әндері шырқалды.

[smartslider3 slider=2325]

Үрмелі аспаптар оркестрі мен «Alem» эстрадалық би ­ансамблі жеке орындаушылармен бірлесіп, А.Бабаджанянның «Funiculi, Funicula», «Мама», «Сұлулық патша­йымы», ­Е.Хасанғалиевтің «Анаға сәлем», Х.Кармайклдың «Georgia on my mind» және басқа да туындылар кештің көркін кіргізді. Мыс пен ағаштан жасалған үрмелі аспаптар ең икемді музыкалық аспаптар ретінде айшықталса, олардың әнші дауысымен үндесіп, ғаламат күй кешіретін құдірет – өз алдына бөлек баян.

Сонымен қатар әлемдік сахналарда еліміздің атын асқақтатып жүрген Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартеті бұл кеште бүкіл халыққа белгілі Әбдімомын Желдібаевтың ішекті квартетке арнап өңделген «Ерке сылқым» күйін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button