Sport

АРЫНДАЙДЫ «АРЛАНДАР»

IZT_1565

WSB чемпионатында сынға түсіп жатқан «Астана арландары» кезекті жекпе-жегін Шымкентте өткізіп, Польшаның «Рафако гуссарс» командасын 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Ең жеңіл салмақта Жомарт Ержан, 56 келі салмақта Мейірболат Тойтов, 64 келі салмақта Самат Бәшенов ұпай санымен жеңіске жетті. Ал 75 келіде сынға түскен Мейірім Нұрсұлтанов өз қарсыласын айқын басымдылықпен ұтса, 91 келідегі жекпе-жекте Василий Левит нокаутпен жеңіске жетті.

«Астана арландары» кезекті кездесуін 21 наурыз күні тағы да Шымкентте өткізеді. Бұл жолғы қарсылас – «Баку оттары».

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button